"Бетперделі батыр" су тасқынынан зардап шеккендерге 1 млн. доллар бөлді

Бейнежазбадан

ЖАҢАЛЫҚТАР
2394

Ғаламторда бетперделі адам ретінде танылып, көптеген адамдарға қайырымдылық жасап, үйсіздерге үй алып беріп, аурулардың еміне ақша тауып беріп жүрген адам су тасқынынан зардап шеккендерге миллион доллар бөлетінін мәлімдеді. 

"Біз ірі көктемдегі су тасқынына тап болдық. Қазақстанның 10 облысында төтенше жағдай жарияланды. Қазіргі уақытта 108 мың адам қауіпсіз жерге көшірілді. Бес мыңнан астам үй су астында қалды. Сегіз мыңнан астам мал қырылды", - дейді қайырымдылық қорының негізін қалаушы маскадағы жас жігіт.

Ол қайырымдылыққа атсалысқан барша адамдарға алғыс айтып, зардап шеккен отбасыларға бір миллион доллар (450 миллион теңге) бөлінгенін айтты.

"Біз көмекке келген еріктілерге, құтқарушыларға, алаңдаушылық білдірген азаматтарға және басқа елдердің азаматтарына үлкен алғысымызды білдіреміз. Біз бірге бұл апатты еңсеріп, бұдан да мықты боламыз", – деді "бетперделі батыр".

Сонымен қатар ол бұл қаражатты бөлу кезең-кезеңімен жүзеге асырылатынын да атап өтті. "Су тасқыны" деген бөлімде нәтижелер жарияланып отырады деді.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алда Жаңа жыл мерекесі жақындап келе жатқандықтан, кейбір адамдар арасында оны атап өтуге бола ма, б...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысында кешелі бері қатты жел соғып, дауыл тұрды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Салдарын...