Әзербайжан астанасы Баку қаласында ТҮРКСОЙ Халықаралық ұйымы арнайы бекіткен ТҮРКСОЙ-дың БАҚ саласын...
Әскерде жүріп комаға түскен Ербаян Мұхтардың қазіргі жағдайы белгілі болды
Сурет ашық дереккөзден алынды
Қызмет барысында ауыр ми жарақатын алған Ұлттық ұлан жауынгері Ербаян Мұхтар ем алу үшін Ыстамбұлға жіберілді, деп хабарлады Мadeniportal.kz.
Бұл туралы Bugin.kz жазды.
Алдағы үш айда ол толыққанды оңалту курсынан өтпек.
Бұл туралы оның заңгері Инга Иманбай хабарлады. Оның айтуынша, алдағы кезең Ербаян үшін өте жауапты әрі шешуші сынақ болмақ.
«Бір жылдың ішінде Ербаян тек ата-анасының емес, барша халықтың ұлына айналды. Оның тағдыры мыңдаған адамның жүрегін қозғалыссыз қалдырмады. Егер алғашқы емдеуге қаражатты халық жинап берген болса, бұл жолы мемлекет қолдау білдірді. Үш айлық емделуге қажетті қаржы бөлініп, сапарды ІІМ мен Қорғаныс министрлігі ұйымдастырды», – деді ол.
Адвокат Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназароваға және генерал Қайрат Өмбетовке көрсеткен көмектері үшін ризашылығын жеткізді. Сондай-ақ алғашқы кезеңнен қалған қаражат алдағы уақытта Ербаянның әрі қарайғы еміне жұмсалатынын атап өтті.
«Алдымызда үш айлық күрделі сынақ тұр. Бұл бізді басты мақсатқа – Ербаянды аяққа тұрғызып, оның дауысын қайта естуге жақындатады. Оған қанша уақыт қажет болатынын ешкім нақты айта алмайды. Дегенмен халықтың қолдауына, ата-анасының шыдамдылығына және дәрігерлердің еңбегіне сүйене отырып, біз бұл арманға жетеміз деп сенемін», – деді Иманбай.