Атырау облысында бір отбасының қаза табуына қатысты іс бойынша қосымша деректер жарияланды. Бұл тура...
Бибісара Асаубаева жанкүйерлерін жаңа қырымен таңғалдырды
nstagram.com/stories/bibisarachess
Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева жаңа хоббиін көпшілікке көрсетті, деп хабарлады MadeniPortal.kz.
Ол Instagram парақшасында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын фортепианода орындаған сәті түсірілген видеоны жариялады.
«Тағы бір жаңа хобби. Мінсіз емес, бірақ тырысып жүрмін. Оның үстіне бұл небәрі 5–6 сабақтың нәтижесі», – деп жазды Бибісара Асаубаева.
Сондай-ақ стористе ол оқырмандарынан өзінің өнерін бағалауды сұрады.
«Тырысқанымды бағалаңыздар. Сеніңіздер, оған аз күш жұмсаған жоқпын. Әуенді танығандар болса, дұрыс жауабын пікірлерден көре аласыздар», – деді шахматшы.
Еске салайық, бұған дейін Бибісара Асаубаева Халықаралық шахмат федерациясы (FIDE) жаңартқан әлемдік рейтингте бесінші орынға көтерілген болатын.