Желіде бір топ мектеп оқушылары өз аттестаттарын қоқыс жәшігіне лақтырған видеосы пайда болды. Аз уа...
Тоқаев 28 қазанда халыққа Жолдау жасайтынын хабарлады
Фото: Ақорда
119
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазанда Қазақстан халқына Жолдау жасайды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Президент алдағы Жолдауының күнін әлеуметтік желідегі жазбасында мәлімдеген.
Жолдаудың негізгі тақырыптары мен онда көтерілетін мәселелер туралы әзірге қосымша ақпарат берілген жоқ.
Жолдау дегеніміз не?
Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы — елдің даму бағыты мен алдағы міндеттерін айқындайтын маңызды саяси үндеу. Онда Мемлекет басшысы елдегі жағдайға баға беріп, экономиканы дамыту, халықтың әл-ауқатын арттыру, білім беру, денсаулық сақтау және басқа да салаларға қатысты бастамаларын ұсынады. Үкімет пен мемлекеттік органдарға нақты тапсырмалар жүктеліп, реформалардың негізгі бағыттары белгіленеді.