Биік ғимаратқа шабуыл жасаған жігіт 4 адамды атып, 1 адамды жарақаттады

Фото: REUTERS/Bing Guan

ЖАҢАЛЫҚТАР
1140

Нью-Йоркте биік ғимараттардың бірінде психологиялық ауытқуы бар жас жігіт шабуыл жасап, 4 адамды атып өлтіріп, бір адамды жарақаттады, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Reuters жазуынша, автоматпен қаруланған Лас-Вегас қаласының 27 жастағы тұрғыны Шейн Тамура Ұлттық футбол лигасының (NFL) штаб-пәтері мен бірқатар ірі қаржы ұйымдарының кеңселері орналасқан ғимаратқа кіріп, адамдарға оқ атып шабуыл жасаған және ол жалғыз болған. 

Оқиғадан көз жұмған төрт адамның бірі – Нью-Йорк полиция департаментінің 36 жастағы қызметкері Дидарул Ислам. Ол АҚШ-қа Бангладештен келген, екі баланың әкесі. Бұдан бөлек бір ер адам ауыр жарақатпен ауруханаға жатқызылған.

Полиция комиссары Джессика Тиштің айтуынша, шабуыл жасаған Шейн Тамураның бұл әрекетке не үшін барғаны әзірге белгісіз. Ол ғимараттың вестибюлінен бастап оқ атып, 33-қабаттағы басқарушы компания кеңсесіне лифтпен көтерілген. Оқиғаның соңында ол өз-өзін атып тастаған. 

Қазір құқық қорғау органдары тергеу жұмыстарын жалғастырып жатыр. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте тағы бір әйел пышақ жарақатынан қаза тапты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Шымкент қалас...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатов екінші жары Айманмен бірге қасиетті Мекке мен Мединаға қажылық сап...