Жасөспірімдерді жүйелі түрде бопсалап келген қылмыстық топ ұсталды

Фото: видеодан скриншот

ЖАҢАЛЫҚТАР
2183

Өскемен қалалық прокуратурасы кәмелеттік жасқа толмағандарды жүйелі түрде бопсалаумен айналысқан қылмыстық топты ұстады. Құқық қорғау органдары күдіктілерді URPAQ телеграм-боттың көмегімен әшкереледі, деп хабарлайды madeniportal.kz Ulysmedia.kz тілшісіне сілтеме жасап. 

Қалалық прокуратураның хабарлауынша, жүргізілген жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде, студенттерден, оның ішінде кәмелетке толмаған жасөспірімдерден күш қолдану арқылы ақша бопсалаған қылмыстық топ ұсталды.

Күдіктілер қылмыс үстінде қолға түсті. Қазір олардың осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар, жоғы тексеріліп жатыр. URPAQ жобасы өскелең ұрпақтың құқығын қорғауға, зорлық-зомбылық пен буллинг фактілерін жедел анықтап, жолын кесуге бағытталған. – деді Өскемен қаласының прокуроры Тимур Шақпантаев.
Мамандардың айтуынша, ұсталғандарға 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...