Білім министрі Ғани Бейсембаев балалар суицидіне қатысты пікір білдірді

Фото: orda.kz

Жаңалықтар
244

Мәжіліс алаңында Білім министрі Ғани Бейсембаев балалар суицидіне қатысты жағдайға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды madeniportal.kz orda.kz тілшісіне сілтеме жасап. 

Министр сала мамандарын жинап, жұмысты жандандырып жатқанын мәлімдеді. Нақты қандай мамандармен жұмыс істеп жатқанын Ғани Бейсембаев нақтылаған жоқ. Бірақ ол БАҚ қызметкерлерін «Вертер әсері» туралы айтуға асықты. 

«Осы мүмкіндікті пайдаланып, айтқым келеді. Шетелдік тәжірибе бар, оны «Вертер эффектісі» дейді, бұл жағдайды жиі айтатын болсаңыз - ол күшейе түседі. Бұл мәселенің шиеленісіп кетуіне жол бермеу үшін кешенді түрде әрекет ету керек», – деді Ғани Бейсембаев. 

Сонымен бірге, ведомство елдегі балалар суициді себептерін ауқымды анықтамаған сияқты. Бұл жағдайға Білім министрі Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасады. 

«Осы кезде (себептерді анықтауға Денсаулық сақтау министрлігі жауапты – ред. ескертпесі). (...) Отбасыларға көңіл айтамын. Бұл үлкен қайғы. (...) Менің ойымша, кінәліні іздеудің қажеті жоқ. Білім министрлігі, ата-аналар қауымы, жалпы қоғам жауап беруі керек. Балалардың қауіпсіздігі тек біржақты мәселе емес», - деп қосты ол. 

Ол мектептерде ата-аналарға қолдау көрсету орталықтары ашылғанын айтты. Ғани Бейсембаевтың айтуынша, ата-аналардың 60 пайызға жуығы осыған мұқтаж.

«Біз ата-аналарымызға педагогикалық психологтар білетін технологияларды меңгеруіне көмектесуіміз керек», - деді министр. 

Балалардың суицид жасауы қоғамды дүр сілкіндірген қорқынышты мәселе. Ең көп талқыланған оқиға 16 қыркүйекте болды – алматылық екі оқушы қыз көпқабатты үйдің шатырынан секіріп кетті. Бірнеше күннен кейін тағы бір қыз осындай жағдайда қайтыс болды. Бірден бұл қайғылы оқиғалар бір-бірімен байланысты және оған «Қызыл дельфин» деп аталатын жұмбақ «насихат тобы» себеп болды деген қауесеттер тарады. 

Жаңалықтар

«Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасова журналистердің сұрағына жауап берді, деп х...

Қоғам

Алматыда баннер орнатып жатқан өнеркәсіптік альпинист 12-қабаттан құлап, қайтыс болды, деп хабарлады...