Алматыда Шымбұлаққа серуенге шығып, кейін байланысқа шықпай қалған екі жасөспірім аман-есен табылды,...
Алматыда мас жүргізуші полициямен қуғынға түсті
Видеодан скрин
Алматыда полиция қызметкерлері тоқтау туралы заңды талапты елемей, қашып кетуге әрекеттенген Toyota жүргізушісін қуғыннан кейін ұстады. Кейін оның мас күйде болғаны анықталды, деп хабарлады MadeniPortal.kz.
Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, Toyota автокөлігінің жүргізушісі полиция қызметкерлерінің тоқтау туралы заңды талабын орындамаған. Оны ұстау үшін бірнеше патрульдік полиция экипажы жұмылдырылды.
Қуғын Сейфуллин даңғылы мен Бөгенбай батыр көшесінің қиылысына дейін жалғасып, сол жерде күдіктінің көлігі қоршауға алынды. Жүргізуші ұсталды.
Сот-наркологиялық сараптаманың қорытындысына сәйкес, көлік тізгінінде отырған 42 жастағы ер адамның орташа дәрежеде алкогольдік масаң күйде болғаны анықталды.
Құқық бұзушыға қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылды. Енді ол мас күйде көлік жүргізгені және полиция қызметкерлерінің тоқтау туралы заңды талабын орындамағаны үшін сот алдында жауап береді.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда жүргізуші куәлігі жоқ, мас күйде көлік айдап, автокөлік ұрлаған күдікті ұсталған болатын.