Жақында француздардың "Ақымақ үйлену тойы" деген кинокомедиясын көрдім. Ұлтшылмын деген ад...
«Бір үстелде отыруға дайынмын»: Баян Алагөзова Тұрсынның бұрынғы әйелі жайлы сөз қозғады
видеодан алынған скрин
Продюсер Баян Алагөзова журналист Аман Тасығанға берген сұхбатында күйеуі Тұрсын Алагөзовтің бұрынғы әйелімен қарым-қатынасы туралы пікір білдірді, деп хабарлады MadeniPortal.kz.
Журналист одан «Тұрсынның бұрынғы әйелімен бір үстелде отыруға қалай қарайсыз?» деп сұрады.
Баян Алагөзова мұндай жағдайға үзілді-кесілді қарсы емес екенін айтып, ең алдымен балалардың мүддесін ойлайтынын жеткізді.
«Ешқашан «ешқашан» деп айтуға болмайды. Егер адамдар екі жақты келісіммен ажырасып жатса, ұрыс-керіс пен төбелес те аз болар еді. Ол кісі – мен араласып жүрген балалардың анасы. Мен бірден айтайын, мен қарсы емеспін», – деді продюсер.
Ол болашақта Тұрсын Алагөзовтің ұлы Арсен үйленетін болса, оның тойына күйеуімен бірге барғысы келетінін де жасырмады.
«Ертең Арсен үйленетін болса, мен өз күйеуімнің оның тойына жалғыз барғанын қаламаймын. Біз көп жылдан бері ерлі-зайыптымыз. Мен Арсеннің тойына қатысқым келеді. Ол – біздің толыққанды отбасымыздың мүшесі. Мен ол тойда оның анасы да болғанын қалаймын. Біз интеллигентті түрде араласқанымызды қалаймын», – деді Баян Алагөзова.
Продюсер балаларды үлкендердің арасындағы қарым-қатынасқа араластырып, оларды бөлісуге қарсы екенін атап өтті. Оның сөзінше, болашақта Айарудың тойында да барлығының бір дастарқан басында отырғанын қалайды.
«Балаларды бөліскенді қаламаймын. Балалар әрдайым ортақ. Болашақта Айарудың да тойында бәріміздің бас қосқанымызды қалаймын. Біз ертең қартаямыз, мәңгі емеспіз. Олардың бойында ешқандай жеккөру сезімі болмағанын және уайымсыз бәрімен жақсы араласқанын қалаймын», – деді ол.