“Енді мені ұра алмайсыңдар”: Шымкентте 14 жасар оқушы өз-өзіне қол салды

Фото: pexel.com

ЖАҢАЛЫҚТАР
1154

Шымкентте 14 жасар оқушы өз-өзіне қол салды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

14 жастағы жеткіншектің денесін анасы жұмыстан келгенде тауып алған. Туыстары өлімге буллинг себеп болу мүмкін дейді. Себебі олар жасөспірімнің өзіне қол жұмсар алдында жазған жазбасын телефонынан тауып алған. Онда ол: "Енді сендер мені ұра алмайсыңдар. Енді мені мүлде көрмейсіңдер" деп жазған. Хабарламада марқұм төрт сыныптасының аты-жөнін жазған. 

Туыстарының айтуынша, қайғылы оқиға алдында бала ағасына сыныптастарының қысым көрсетіп жүргенін айтып, көмек сұраған. Жасөспірім оқыған  №32 орта мектеп жазбада аты аталған оқушылардың марқұмның сыныптасы екенін растады. Дегенмен кикілжің фактісін растамады. 

Полиция қылмыстық іс қозғады. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ішкі істер министрлігі мал ұрлығына қатысты қылмыстарды анықтау және олардың жолын кесу жұмыстарын ж...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Белгілі жайдарманшы Мансар Орынхан Түркістан облысы күрес федерациясының вице-президенті (медиа сала...