Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет пен Ұлттық банкке үш жыл ішінде инфляцияны төмендетуді қамтамас...
65 жастағы ер адам жесір әйел мен нәрестені өлтірген
ашық дереккөз
Үндістанда 65 жастағы ер адам 35 жастағы әйел мен оның 10 айлық қызын зорлап өлтірді деген күдікпен ұсталды, деп хабарлады MadeniPortal.kz.
Қылмыс Райгарх ауданындағы ауылдардың бірінде орналасқан шалғайдағы фермада болған.
Полицияның мәліметінше, күдікті — Бхикарирам Нагванши. Тергеу барысында әйелдің жесір екені және шағын фермада кішкентай қызымен бірге тұрғаны анықталған. Полиция нұсқасы бойынша, Нагванши әйел баласымен бірге ұйықтап жатқан кезде үйге кірген.
Әйел қарсылық көрсеткен деген болжам бар. Сол кезде ер адам оның басы мен бетіне ауыр затпен бірнеше рет соққы жасап, кейін зорлаған. Ауыр жарақат алған әйел ауруханаға жеткізілгенімен, емделу кезінде қайтыс болған.
Полицияның мәліметінше, шабуылдан кейін күдікті баланы да өлтірген. Алдын ала болжам бойынша, қыз жылай бастаған кезде ер адам оны тұншықтырып, ауыр затпен ұрған.
Болжамды қылмыстан кейін Нагванши егістік арқылы қашып, киімін ауыстырған. Кейін полиция оның қан іздері бар киімдерін тапқан.
Бастапқыда ер адам қылмысқа қатысы барын жоққа шығарған. Алайда тергеу барысында құқық қорғау органдары оның қолындағы жарақатқа назар аударған. Жиналған деректер мен сот-медициналық сараптама нәтижелері Нагваншидің қылмысқа қатысын анықтауға мүмкіндік берген.
Кейін құқық қорғау органдарының мәліметінше, ер адам қылмысын мойындаған. Ол сотқа жеткізіліп, сот күдіктіні 14 тәулікке қамауда ұстау туралы шешім шығарған.
Нагваншиге екі адамды зорлады және өлтірді деген айып тағылды.