15-16 маусым аралығында Астана қаласының 20 жылдық мерейтойын мерекелеу аясында Қазақстан...
Балағат сөздер жазған Арман Шораевқа сот үкім шығарды
әлеуметтік желіден
494
Ақмола облысының тұрғыны Арман Шораев әлеуметтік желіде балағат сөздер қолданылған жазба жариялағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот оған 20 тәулікке әкімшілік қамау жазасын тағайындады, деп хабарлады MadeniPortal.kz.
Ақмола облысы полициясының мәліметінше, құқық қорғау органдары әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында бейәдеп сөздер қолданылған жарияланымды анықтаған. Кейін аталған дерек бойынша Арман Шораевқа қатысты әкімшілік материал толтырылған.
Істі қараған сот оны кінәлі деп танып, 20 тәулікке әкімшілік қамауға алу туралы шешім шығарды.
Полиция өкілдері әлеуметтік желіде заңға қайшы контент жариялағаны үшін қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.