Көктемде Қазақстанның бес өңірінде су тасқыны болу қаупі жоғары

ашық дереккөздерден

ЖАҢАЛЫҚТАР
689

Биыл көктемде Қазақстанның бірқатар өңірінде су тасқыны қаупі туындауы мүмкін, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Бұл туралы «Қазгидромет» РМК синоптиктері алдын ала болжамында мәлімдеді.

Мамандардың айтуынша, қауіпті күшейтетін негізгі факторлар қатарында топырақтың терең қатуы, күзгі кезеңдегі шамадан тыс ылғалдану және қар қорының көп жиналуы бар.

Су тасқыны қаупі жоғары өңірлер:

Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Абай, Ақмола және Қарағанды облыстары.

Қауіп деңгейі орташа өңірлер:

Батыс Қазақстан, Ұлытау, Жетісу, Павлодар, Ақтөбе, Түркістан, Алматы және Қостанай облыстары.

Қауіп деңгейі төмен өңірлер:

Атырау, Маңғыстау, Қызылорда және Жамбыл облыстары.

Синоптиктердің болжамынша, жазық аумақтарда тасқынның шарықтау кезеңі наурыздың соңы мен сәуірдің соңы аралығында байқалады. Ал таулы өңірлерде су тасқыны толқын түрінде өтіп, наурыз айынан бастап жазға дейін созылуы мүмкін.

Мамандар тұрғындарды алдын ала сақтық шараларын қабылдап, төтенше жағдайлар қызметінің ескертулерін қадағалап отыруға шақырады.

ӘЛЕМ ӘДЕБИЕТІ

«Әлем әдебиетінің жауһары» айдарында бүгін «Адамзаттың Айтматовы» атанған Қы...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы конституциялық комиссия жетекшілерімен жұмыс кеңесін өткізді, деп хабарлайды Madeni...