Бишімбаевты тағы бір сот процесі күтіп тұр

Фото: ulysmedia

ЖАҢАЛЫҚТАР
599

24 жылға бас бостандығынан айырылған экс-ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевты тағы бір сот күтіп тұр, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ Ulysmedia.kz тілшісіне сілтеме жасап. 

 

Ғазымжановтың айтуына қарағанда, алдағы сот процесі алимент төлеу туралы келісімді өзгертуге байланысты.

– Бұл келісім Қуандық бостандықта жүрген кезде, бизнеспен айналысып, табыс көзі болған уақытта жасалған. Сол кезде балаларға белгіленген алимент мөлшері жоғары сомамен көрсетілді. Қазір жағдай өзгерді – ол жұмыс істемейді, алиментті оның ата-анасы төлеуге мәжбүр болды. Сондай-ақ Қуандықтың кейбір жинақтары болған, солардан да қаражат алынған, – деді ол.

Адвокаттың сөзінше, Бишімбаев қазір колонияда жұмыс істемейді, өйткені "бос жұмыс орындары аз". 

Еске салайық, бұған дейін адвокат Ерлан Ғазымжанов Қуандық Бишімбаевтың балаларына алимент төлемейді деген ақпаратқа қатысты пікір білдірген еді.

Ғазымжановтың сөзінше, Бишімбаевтың отбасы балаларына алимент төлеуден бас тартты деген ақпарат – жалған. 

- Қуандық Бишімбаев қазіргі таңда алимент төлеуден бас тартып отырған жоқ, себебі бұл – әрбір ата-ананың қасиетті борышы. Ол тек алименттік келісімді бұзу немесе оның шарттарын өзгерту ниетінде, өйткені қазіргі уақытта тұрақты табыс көзі жоқ. Ал заң бойынша, егер материалдық жағдай айтарлықтай өзгерсе, мұндай өзгеріс мүмкін, дейді Ғазымжанов.

Адвокаттың сөзінше, Бишімбаевтың ата-анасы белгілі бір уақыт бойы өз еркімен Қуандықтың орнына алимент төлеп жүрген. 

Шоу-бизнес

Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова желіге видео жүктеймін деп елдің сынына қалды, деп хабарлады  MADEN...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Еріктілер ауыр жағдайда жатқан тыл ардагерінің өмірін өзгертуге атсалысты, деп хабарлады madeni...