Шерзат Полат ісіндегі екі әйел куәгер болып кетті – адвокат

ашық дереккөзден алынған

Жаңалықтар
1113

Шерзат Полаттың туыстарының құқығын қорғайтын адвокат Карина Көшербаева қанды оқиға болған түні дүкеннің алдында болған екі әйел куәгер болып кеткенін мәлімдеді, деп хабарлады madeniportal.kz qaz365.kz сайтына сілтеме жасап.

Оның айтуынша, Қаржаубай Нұрымовтың ашуға берілуінің бірі себебі сол.

Бүгін кешке адвокаттар Саида Тәуекелова мен Карина Көшербаева зум арқылы брифинг өткізді. Олар алдымен, Қаржаубай мен оның туыстарының әкімшілік соты түнде онлайн режимде болғанын хабарлады. 

«Прокуратура оларды барынша қатаң жаза беруді талап еткен. Прокуратура Қаржаубайды 15 тәулікке қамауды соттан сұраған. Адвокаттар оған қарсы аргумент келтірген. Сот прокурормен келісіп, Нұрымовты, қарындасын 15 күнге қамауға алынған. Сот процесі 25-30 минут болған.

«Біз шешімге қарсы шағым білдіреміз. Бізде 10 күн бар. Қорытындысын сіздерге кейін хабарлаймыз», - дейді Саида Тәуекелова.

Адвокат Карина Көшербаева Шерзат Полаттың ісін тергеу аяқталуға жақын екенін айтты. 

«Өкінішке қарай, біз жәбірленуші Нұрқанаттан айырылып қалдық. Нұрқанат тергеу барысында бар жауабын берген. Ол жауаптары тіркелген. Біз тергеу материалдарын танысқаннан кейін іс прокуратураға, кейін сотқа жөнелтіледі», - дейді ол.

Карина Көшербаева Шерзат Полат ісіндегі екі әйел 29 қарашадағы прокуратураның жауабы бойынша тек куәгер болып шыққанын айтты. Адвокат кешегі жағдайдың ушығып кетуінің бір себебін осыдан көреді. Қаржаубай тарапы енді жоғары инстанцияға шағымданып, екі әйелдің құқықтық статусын өзгертуді көздеп отыр.

Жаңалықтар

Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев Талғардағы Нұрымовтар әулетінің басындағы ауыр жағдайды Ішкі істер...

Шоу-бизнес

Жыл әртісі – V $ X V PRiNCE V $ X V PRiNCE Қазақстанның музыкалық сахнасының жарқын символына...