Астанада өндірістік цехтан ірі өрт шықты

Фото: ТЖМ

ЖАҢАЛЫҚТАР
1228

Бүгін, 27 қазанда таңертең Астанада оң жағалауда шаруашылық цехтан өрт шықты. Зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

ТЖМ мәліметінше, елордалық өрт сөндірушілер Байқоңыр ауданы Ақсай көшесі бойында орналасқан шаруашылық корпустағы өртті сөндірді. Өрт 500 шаршы метр алаңды шарпыған. Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Өртке қарсы қызмет жоғарғы ранг бойынша жұмыс істеген.

"Өрт сөндірудің жедел штабы құрылды. 4 жауынгерлік учаске жұмыс істеді. Судың үздіксіз жеткізілді", - делінген хабарламада.

Таңғы сағат 08:58-де өрттің таралу қаупі жойылып, өрт оқшауланды. Нақтыланған мәліметтерге сәйкес, газ блоктарын шығаратын цех шатыры жанған.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...