Блогер Елдос Калабок 13 жылғы арманы орындалғанын айтып сүйінші сұрады

Фото: инстаграм парақшасынан

Жаңалықтар
133

Танымал блогер Калабок атымен танымал Елдос Қадырханов өзіне қойылған ауыр диагноздан толық айыққанын, енді балалы бола алатынын айтып, қуанышын бөлісті, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Бұған дейін желі жұлдызы 13 жыл бойы перзент сүйе алмай жүргенін көпшілікпен бөліскен еді. Блогер емделіп, бірнеше ота жасалғанын, шетелге барғанда оны оқырмандарына көрсетпейтінін айтты. 

"Осы туған күніме жеке дәрігерімді шақырдым. Біз шетелге қыдырып бармаймыз. Ем алып, ота жасаймыз. Тек халыққа оны көрсетпейміз. Соңғы ота Астанада жасалды. Ұйқыдан оянғанда дәрігерім: «Елдос, балалы бола аласыз» деді. Міне, басты жаңалығым осы. Қанша жыл осы жауапты күттім. Енді тек дұғада болыңыздар! Алла қаласа тағы да сүйінші сұраймын. Қаншама нәтижесіз ота өткіздім. Қаншама дәрі іштім. 13 жыл емделдім. Нәтиже болмады. Мен осыны айтудан ұялмаймын. Себебі қаншама жігіттер бар дертіне ем таппай жүрген. Ұрпақ сүйсем ғой деп жүрген қаншама отбасы бар. Баласы барлар бізді түсінбейді. Әйелім екеуміз дәрігерлер атынан алғыс айтамын. Олар өшіп бара жатқан үмітті лаулатып, жағып берді", - деді блогер. 

Елдос Калабоктың туған күні дүркіреп өтті. Өнердегі және блогерлікпен танылған жұлдыздардың көпшілігі сол тойда бой көрсетті. 

Жаңалықтар

Иракта жеке статус туралы заңға енгізілген өзгерістерге сыни пікір көбейді. Сынаушылар заңға енген т...

Жаңалықтар

Баян Алагөзова Ерболат Беделханмен бірге жаңа қыздар тобына кастинг жариялады, деп хабарлайды m...