Бағым Мұхитденова «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағына ие болды

дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
1376
Белгілі продюсер, композитор және қазақстандық шоу-бизнестің дамуына зор үлес қосқан тұлға Бағым Мұхитденова Мемлекеттік сыйлыққа ие болды, деп хабарлады Мadeniportal.kz.

Әртіс қуанышты жаңалықты өзінің Instagram парақшасында бөлісті.
 

 «Құрмет пен мойындау үшін алғыс айтамын! “Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері” атағы — өмір жолымдағы маңызды белес. Әрдайым жанымда отбасым бар, олар — менің басты шабыт пен тірегім. Мәдениет және ақпарат министрі Аида Ғалымқызы Балаеваға шын жүректен алғыс білдіремін. Мен үшін бұл — үлкен құрмет. Сенімді ақтауға тырысамын!» — деп жазды продюсер.

Бұл жаңалық қазақстандық өнер қауымының ыстық ықыласына бөленді.
Айта кетейік, күні кеше ғана оның әпкесі, танымал продюсер Баян Алагөзова да алғаш рет осы атаққа ие болған еді. Екі әпкелі-сіңліліні әріптестері мен жанкүйерлері әлеуметтік желіде құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте кісі қолынан қаза тапқан Нұрай Серікбайдың ағасы Сұлтан Серікбай әлеуметтік желідегі парақ...

СПОРТ

Қазақстан футболының аңызы Самат Смақовтың ұлы Аламгир Смақов түркиялық атақты «Бешикташ&raquo...