Денсаулық сақтау министрлігі балаларда ауру тудыратын арзан вакциналар туралы ақпаратты жоққа шығарды

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
436

Денсаулық сақтау министрлігі балаларда ауру тудыратын арзан вакциналар туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Бұл мәлімдемелерді "Әңгіме бар" подкастында журналист Айнур Асанбердімен болған сұхбатта Нархоз университетінің профессоры ретінде таныстырылған Кулзада Абенова айтқан. Министрліктің баспасөз қызметі Қазақстан Республикасында Ұлттық профилактикалық егулер күнтізбесі аясында қолданылатын барлық вакциналар көпсатылы халықаралық және ұлттық сараптамадан өтетінін алға тартты. Сондай-ақ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) талаптарына және ұлттық заңнамаға сәйкес тіркеуден өтіп, қолдануға рұқсат алады.

“Вакциналар "балаларда ауру туындатады" деген мәлімдемелердің ешқандай ғылыми дәлелі жоқ және көпжылдық халықаралық бақылау деректеріне қайшы келеді. Керісінше, вакцинация қауіпті жұқпалы аурулардан болатын сырқаттанушылық пен өлім-жітімді едәуір төмендетуге, мыңдаған ауыр асқынулар мен өлім жағдайларының алдын алуға мүмкіндік берді", - делінген хабарламада.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда толассыз жауған қардың салдарын жою жұмыстары жалғасып отыр, деп хабарлады MadeniPortal.kz....

Шоу-бизнес

Танымал "Кешью" тобының экс солисті Ақбота-Нұр Сейітмағанбет тағы да тұрмыс құратынын айтты, деп хаб...