Блогерден медиа директорға: Арайлым Жиенбаева жаңа қызметке тағайындалды

Фото: instagram.com

ЖАҢАЛЫҚТАР
435

Танымал блогер Арайлым Жиенбаева Шымкент қаласы бокс федерациясының медиа директоры қызметіне тағайындалды, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Жаңа қызметінде Арайлым Жиенбаева Шымкенттегі бокс спортын ақпараттық тұрғыдан насихаттау, федерацияның медиа бағытын дамыту және атқарылып жатқан жұмыстарды көпшілікке таныстыруға жауап береді.

Шымкент қаласы бокс федерациясының өкілдері Жиенбаеваны жаңа қызметімен құттықтап, алдағы жұмысына сәттілік тіледі.

«Арайлым Бақытжанқызының бұл қызметке тағайындалуымен шын жүректен құттықтаймыз! Сізге үлкен сенім артамыз. Алдағы уақытта өз ісіңізге жауапкершілікпен қарап, Шымкент боксының абыройын арттыру жолында нәтижелі жұмыстар атқаратыныңызға сенім білдіреміз», – делінген федерацияның ресми хабарламасында.

Осылайша, блогер енді Шымкент боксының ақпараттық имиджін қалыптастыру мен медиа кеңістіктегі белсенділігін арттыру бағытында жұмыс істейтін болады.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Павлодарда мектеп оқушысы туберкулез жұқтырды деген күдікпен облыстық ауруханаға жатқызылды. Дәрігер...

Шоу-бизнес

Қайрат Нұртастың Шымкенттегі концертін ұйымдастырған адам үйқамаққа жіберілді. Бұл туралы қалалық пр...