“Бойдақпын”: Егде жастағы ер адамның жас қызға жасаған ерсі әрекеті әшкереленді

Фото: Видеодан кадр

ЖАҢАЛЫҚТАР
1567

Қызылордада егде жастағы ер адам жас қызға қырыңдағаны видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Бұл видеоны әлеуметтік желіге Ләззат Рақышева салды.

“Мына шал немересіндей қызға “бойдақпын” , “өмір “ақшаны ойла”,адамға  бір рет беріледі”.. т.б оттап отыр. Тақауда 4 баласы бар еркек таксиге отырған қызды зорлап кетті! Былтыр Астана қаласынан жылаған ана маған хабарласты, 12 жасар ұлын сабақтан кейін таксиге отырса,  қаланың сыртына ұлын зорлап тастап кеткен”, - деп жазды адвокат.

Ләззат Рақышева кеңесін айтыпты.

“Сол себепті жас бала мен қыздарға айтар кеңесім:

- таксиге отырғанда міндетті түрде ата-аналарыңа, жақындарыңа көліктің номерін жіберіп қойындар . Номерді жібергенде жүргізуші естісін сіз ол туралы мәлімет жібергеніңізді.

- түн ішінде жалғыз таксиге отырып, алыс сапарға ата-аналарына айтпай шықпандар. Міндетті түрде туыстарыңды ескертіңдер қандай көлікке отырғандарыңды.

- таксист еркек қалжындасып сөзге тартса сөйлеспеңіздер, олар әдейі ажырасқанмын, үйленбегенмін, әдемі екенсің,қайда оқисын, не жұмыс істейсін, өмір деген осындай., т.б… деп өтірік әңгімені бастайды”, - деп жазды ол.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Танымал әнші Индира Елемес Руслан Өтепбайға сұхбат берді, деп хабарлады MadeniPortal.kz. Әнші күйеу...

PESTEL

АҚШ президенті Дональд Трамптың арнайы өкілі Берлинде Украина, Германия, Франция және Ұлыбритания ба...