Ақмола облысында ұзындығы 6 км болатын бөгет салынып жатыр

Фото: Ақмола облысы әкімдігі

Жаңалықтар
495

Су тасқынына қарсы іс-шаралар аясында Ақмола облысындағы Аршалы ауданының Жібек жолы ауылында су басу қаупі бар үш шағын ауданның тұрғын алабында бөгет салу жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды облыстың әкімдік баспасөз қызметіне сілтеме жасаған madeniportal.kz.

Жұмыстың барысымен Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов және Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі Серік Төленбергенов танысты. Бүгінгі таңда жұмыстың жартысынан астамы орындалды. Қорғаныс құрылғысының ұзындығы 6 шақырымнан асады, биіктігі жер бедеріне байланысты 2 метрден 5,3 метрге дейін жетеді. Сонымен қатар, көлік пен мал айдауға арналған үш өткел салынбақ. Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалану басқармасының басшысы Джанет Микишевтің айтуынша, құрылыс-монтаж жұмыстары биылғы қазан айында аяқталады. Бірінші кезең – бөгеттің негізгі бөлігін және өткелдерді салу – су тасқыны кезеңіне дейін аяқталмақ. Қазіргі уақытта аумақ бұталардан тазартылып, құнарлы топырақ қабаты алынып, инертті материалдар жеткізілуде. Жұмысқа 63 техника жұмылдырылған, олардың ішіндесамосвалдар, бульдозерлер, катоктар, автогрейдерлер бар.

Жаңалықтар

Әулие Валентин күні өткен соң, қазақстандық интернет-платформаларда қолданылған гүлдерді сату туралы...

Жаңалықтар

Талдықорғанда 50 жастағы ер адам интимдік қызмет үшін төлем жасаудан бас тартып, 25 жастағы жігітке...