БҚО-да автобус өртеніп кетті

Фото: әлеуметтік желі

ЖАҢАЛЫҚТАР
418

8 тамыз кешінде Батыс Қазақстан облысының Теректі ауданында Орал — Қаратөбе бағытында қатынайтын рейстік автобус қозғалыс кезінде өртенді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Оқиға Самара — Шымкент тасжолында, Шалқар көліне бұрылатын маңда болған. Автобустың ішінде 37 жолаушы болған.

Жолаушылардың барлығы автобустан өздігінен эвакуацияланып үлгерген. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

БҚО ТЖД мәліметінше, өртті сөндіруге 8 қызметкер мен 2 арнайы техника жұмылдырылып, тілсіз жау толықтай жойылған. Оқиғаның нақты себебі әзірге хабарланған жоқ.

СПОРТ

Англияның "Бернли" клубында ойнайтын Дастан Сәтпаев кеше, 13 қазанда "Чарльтон" командасына қарсы ма...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы Бобровка ауылында тұрғын үйде шыққан өрттен әйел мен екі бала...