Қызылорда ауруханасында екі айлық нәресте қайтыс болды

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
321

Қызылорда қаласындағы ауруханада екі айлық нәресте қайтыс болды. Оқиғаға байланысты медицина қызметкерінің өз міндеттерін тиісінше орындамауы салдарынан абайсызда адам өліміне әкеп соғу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Қызылорда облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық істің тергелу барысы департамент бақылауына алынған.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы нәрестенің жедел жәрдем бригадасымен көпбейінді облыстық балалар ауруханасына жеткізілгенін хабарлады. Дәрігерлер балаға қажетті медициналық көмек көрсеткен.

"Республикалық клиникалық орталық мамандары ем барысында балаға бірнеше рет телемедициналық кеңес өткізген. Аталған жағдай бойынша тексеру жұмысы жүріп жатыр", - делінген басқарма хабарламасында. 

Сондай-ақ емдеу барысында республикалық клиникалық орталықтың мамандары бірнеше рет телемедициналық кеңес өткізген.

Нәрестенің өліміне қатысты денсаулық сақтау саласы тарапынан да тексеру жүргізіліп жатыр. Тергеу қорытындысы бойынша оқиғаның нақты себептері мен жауапты тұлғалар анықталмақ.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда бұрын полиция қызметкері болған ер адамның қазасына қатысты іс қоғамда қызу талқыланып жаты...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Актер әрі сценарист Рамазан Амантай әлеуметтік желіде өзінің сыртқы келбетіне қатысты пікір білдірге...