Жазушы Әнуар Әлімжановтың туғанына 94 жыл толды

Сурет: Ашық дереккөзден

ЖАҢАЛЫҚТАР
3478

Жазушының алғашқы әңгімелері, очерктері, публицистикалық мақалалары 1952 жылы жариялана бастады, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Әнуар Әлімжановтың тарихи тақырыпқа жазған шығармаларының идеялық мазмұны бүгінгі күннің талап-тілегімен үндес.

«Отырар ескерткіші», «Құрманғазының жастық шағы» повестерінде орта ғасырдағы қанаушылықты, деспоттықты, зұлымдықты өткір де уытты сөздермен түйресе, халық бойындағы алып күшті, сарқылмас жігерді, өнерге, жарқын болашаққа ұмтылған өршіл талапты сүйсіне толғайды.

Ал «Жалындап тұрған найза» повесінде Африка халқының қан құйлы отаршыларға қарсы азаттық күресін шебер суреттеді.

Қаламгер Ленин комсомолы сыйлығының, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының, Халықаралық Дж. Неру атындағы сыйлықтың лауреаты. «Құрмет Белгісі», Халықтар Достығы ордендерімен марапатталған.

ӘДЕБИЕТ

2008 жыл. 1 ақпан. Сенбі. Сарышұнақ аяздың беті қайтар емес. Аяғым ауыр. Дәрігер сәбиімнің дүни...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Солтүстік Қазақстан облысында Бірлік ауылының 22 жастағы тұрғыны 67 жастағы әкесімен жанжалдан кейін...