Күтпеген су тасқыны салдарынан қаза тапқандар саны 24 адамға жетті

Фото: Eric Lyle Kayne/Getty Images

ЖАҢАЛЫҚТАР
1631

АҚШ-тың Техас штатында болған кенеттен су тасқыны салдарынан кемінде 24 адам қаза тапты. Бұл туралы Керр округінің шерифі Ларри Лейта 4 шілде күні кешкі баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ DW-ге сілтеме жасап.

Қайтыс болғандардың арасында балалар да бар екені анықталды. Сонымен қатар, су тасқыны кезінде жазғы лагерьде демалып жатқан 20 қыз бала жоғалып кеткен. Оларды іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. Шериф Лейта олардың кейбірі ағаштарға шығып, тірі қалуы мүмкін екенін айтып өтті.

Техас вице-губернаторы Дэн Патриктің айтуынша, жоғалған балалар Гуадалупе өзенінің маңындағы лагерьде демалған. Аталған өзеннің су деңгейі небәрі 45 минуттың ішінде 8 метрге көтерілген. 

 

PESTEL

Иранның жаңа Жоғарғы көшбасшысы Моджтаба Хаменеи денсаулық жағдайына байланысты және қауіпсіздік мақ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент сайлауы қазіргі Конституцияға сәйкес 2029 жылы өз мер...