Сұлтан Сәрсемалиевге шыққан үкім күшіне енді

Фото: әлеуметтік желі

ЖАҢАЛЫҚТАР
550

Атырау облысында бір отбасының төрт мүшесін өлтірген Сұлтан Сәрсемалиевке қатысты сот үкімі заңды күшіне енді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Сотталған азамат пен оның қорғаушысы заңда белгіленген мерзім ішінде апелляциялық шағым бермеген. Осылайша, олар сот тағайындаған жазаға қарсылық білдірмеген.

Үкімнің күшіне енуіне байланысты Сәрсемалиев жазасын өтеу үшін аса қатаң режимдегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесіне жөнелтіледі.

Еске сала кетейік, 14 шілдеде Сұлтан Сәрсемалиев қайын жұртының төрт мүшесін өлтірді және банк қосымшасы арқылы заңсыз несие рәсімдеді деген айыппен сотталып, өмір бойына бас бостандығынан айырылған еді.

PESTEL

Қытайдың солтүстігінде магнитудасы 7,1 болатын күшті жер сілкінісі тіркелді. Табиғи апат салдарынан...

СПОРТ

V Азия Пара ойындарында Қазақстан құрамасы қазір 12 алтын, 15 күміс және 20 қола медальмен жалпы есе...