Дархан Қыдырәлі. Қазақстандық өнімдерді Netflix платформасында орналастыруға ниеттіміз

ЖАҢАЛЫҚТАР
2511

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі қазақстандық өнімдерді болашақта Netflix платформасынанн тамашалауға болады, деп хабарлады. Бұл жайында өзінің Facebook парақшасында  жазды.


«Бүгін «Netflix» компаниясының Еуропа, Таяу Шығыс және Африка өңірлерінің үкіметтерімен өзара іс-қимыл жөніндегі директоры Александр Лонгпен кездестім.

Кездесу барысында бірлескен ортақ жобалар жасау мәселелерін талқылап, өзара ой-пікір алмастық.

Жалпы компанияның зор әлеуетін ескере отырып, серіктестік орнатуға мүдделі екенімізді жеткіздім. Алдағы уақытта қазақстандық өнімдерді Netflix платформасында орналастыруға ниеттіміз.

Александр Лонг мырзаға соңғы жылдары сапасы артып, деңгейі өскен отандық сериалдар өндірісі туралы айтып бердім.

Өздеріңізге белгілі, қазірде елімізде түсірілген сериалдар мен отандық контенттерге сұраныс артып, алыс-жақын шет елдерге сатыла бастады. Біз министрлік тарапынан сериалдарымызды халықаралық деңгейге шығару мақсатындағы жұмыстарды жалғастыра береміз»,-деді министр.

PESTEL

Иранның жаңа Жоғарғы көшбасшысы Моджтаба Хаменеи денсаулық жағдайына байланысты және қауіпсіздік мақ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент сайлауы қазіргі Конституцияға сәйкес 2029 жылы өз мер...