«Асфальт опырылған»: Сусын тиеген жүк көлігі шұңқырға түсіп кеткен

ашық дереккөзден алынған

ЖАҢАЛЫҚТАР
1257

Мексиканың астанасында, шығыс бөлігіне қарасты Истапалапа ауданында жер опырылып, соның салдарынан газдалған сусындар тиеген жүк көлігі түгелдей жер астына түсіп кетті, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Бұл жағдай жайлы Sputnik Mundo хабарлады.

Жол жабындысының қирауынан 8 метр тереңдікте, 12 метрге жуық ұзындықтағы үлкен шұңқыр пайда болған. Қала әкімдігіне қарасты қызметкерлер мен Су ресурстарын басқару хатшылығы (SEGIAGUA) мамандары дереу оқиға орнына жетті, өйткені осы аймақта ауызсу жеткізетін маңызды желілер орналасқан. Зардап шеккендер жоқ.

Айта кетсек, бұған дейін, 10 қыркүйекте, Мехикода газ тасымалдаушы автоцистерна аударылып, салдарынан 49 мың литр сұйытылған газ төгілген еді. Төгілген жанғыш зат от алып, күшті жарылысқа әкеліп, жетпістей адам жарақат алды. Цистерна жүргізушісі тірі қалып, ауруханаға жеткізілді. Қайғылы оқиғаның сәті әлеуметтік желілерде таралып, жұртшылыққа белгілі болды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...