Қазақстандық әйел дүкеннен сатып алған шырынның орнына дәрет құйылғанын айтып, шағымданды

Фото: ЖИ/MadeniPortal.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
77

Алматы облысының тұрғыны дүкеннен сатып алған гранат шырынының ішінен кіші дәретке ұқсас сұйықтық анықталғанын айтып, шағымданды. Оның сөзінше, сусынның ішіне мұндай сұйықтықты кім және қандай жағдайда құйғаны белгісіз. Отбасы мүшелері шырыннан ішкеннен кейін бірнеше адамның жағдайы нашарлап, құса бастаған, деп хабарлайды MadeniPortal.kz stan.kz-ке сілтеме жасап.  

Гүлнұр Жұмашова есімді тұрғын редакциямызға оқиғасын айтып берді. Әйел бұған дейін бұл жайтты желіде бөліскен.

“Сол күні анам ауылдан келген соң, біз атамның жағдайын білуге Алматы облысындағы Долан жаққа жолға шықтық. Ол кісі операцияға дайындалып жүрген болатын. Жолай "Адал" автомаркетіне тоқтап, үйдегі балаларға біраз зат сатып алдық. Сол кезде сөренің өзінен қолыма алып, себетке "Gracio" деп аталатын гранат шырынын да салдым. Үйге барған соң, алған заттарымызды үстелге қойдық. Үйде бала көп болғандықтан, олар заттарды жан-жаққа алып кетті. Кейін мамам гранат шырынын алып, кесеге құйды. Мен диванның бас жағында, ал атам аяқ жағында отырғанбыз. Мамам сусынның түсіне қарап: "Мұның түсі неге қызыл емес? Гранат шырыны еді ғой", – деп сұрады. Мен оған: "Бұл өзінің табиғи түсі шығар. Бұл жақсы табиғи сусын ғой", – деп жауап бердім. Мамам тек түсінің өзгеше екенін байқаған еді. Егер оның қызыл емес екенін сол кезде күмәнді деп қабылдасам, бәлкім, өзім де ішпес едім”, – деп баяндады ол. 

“Дәреттің иісі шығып тұр ғой” деп ол да құса бастады”

Тұрғын атасының да сусыннан дәм татқанын алға тартты. Алайда ол ішіп жатқанда да аса мән бермеген екен. 

“Біраз уақыттан кейін атам бізбен сөйлесіп отырып: "Іштім, дәмі онша емес екен", – деді. Біздің көңілімізге қарап, ішіп қойған сияқты. Кейін үйге ағам келд. Ол бірден құтысымен ішіп көрді де құса бастады. Анам оны көріп кеседегісінің дәмін көріп еді, бірден “бұдан дәреттің иісі шығып тұр ғой” деп ол да құса бастады. Мен де сол қарбаласта дәмін ұрттап көрдім. Біраз уақыттан кейін үйдегілердің жағдайы нашарлай бастады. Құсу белгілері байқалды. Олардың жағдайының осындай екенін көріп, бірден шошып, сусынды алып, дүкенге бардық”, – деп қосты ол. 

Гүлнар дүкен қызметкерлеріне болған жағдайды түсіндірген. Бірақ олардан нақты жауап ала алмаған.

“Олар маған мұндай жағдайдың орын алуы мүмкін емес екенін айтты. Себебі зауыттан сусындардың қақпағы қапталып келеді екен. Кейін бәлкім біреу солай дүкенге қойып кетті ме екен деген де ойлар келе бастады. Кейін олар сусынды сараптамаға жіберуге болатынын айтты. Алайда қандай шара қолданатынын түсіндірмеді. Мен сатушыларға барлық мәліметті тиісті орындарға жолдайтынымды ескерттім. Сонда олар: "Сіз алғаш келгенде анаңыз құсып жатыр дедіңіз. Енді атаңыз туралы айтып, басқа оқиға келтіріп, арыз жазып жатырсыз. Ақпаратты бұрмалап отырсыз. Біз сіздің үстіңізден арыз жазамыз", – деді.олар мәселені шешудің орнына, керісінше, маған қарсы шыға бастады”, – деді тұрғын.

Гүлнұр жағдайға қатсты полиция департаменті мен Алматы облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне арыз жазғанын алға тартты. 

“Бірақ жұмыстан қолым тимей, дүкенге қайта бара алмадым. Арызымды да дұрыс қарамаған сияқты. Дүкен қызметкерлері қандай органдар тексеріс жүргізетіні туралы да ештеңе түсіндірген жоқ. Тек сусынды сараптамаға жібергендерін және нәтижесін кейін айтатындарын қайталады. Қазір атамның жағдайы жақсы. Алайда сол күні ғана жағдайы нашарлап, құса бастады. Мамам мен үйдегілердің де сусыннан ішкеннен кейін жағдайы осылай болды. Атам бұл оқиғаға дейін операцияға дайындалып жүрген еді. Қажетті анализдерін тапсырып, емге дайындық жасап жатқан болатын. Осы жағдайдан кейін операцияға дайындығын кейінге қалдыруға тура келді”, – деп қорытты ол.

Оқиғаға байланысты Stan.kz тілшісі Қарасай аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасынан пікір сұрады. Басқарма 6 қарашада өтініш түскенін растады. 

“Басқарма өтінішке байланысты түсіндіру жұмыстарын жүргізген. Олар заң бойынша жоспардан тыс тексеріс бастау үшін азаматтың арызында заңбұзушылық болғанын растайтын нақты деректер мен дәлелдер болуы керек. Сондай-ақ заң бойынша мұндай өтініштерді қарау үшін санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізілуі керек. Оның шығынын өтініш беруші өзі төлеуге және қажетті құжаттарды ұсынуға тиіс екені түсіндірілді”, – дед ведомство. 

Осыған байланысты басқарма мұндай жағдайда өтініш иесінен мынадай құжаттардың сұралатынын да алға тартты:

  • тағам өнімін аккредиттелген зертханада тексерткенін растайтын қорытынды;
  • медициналық құжаттар, соның ішінде дәрігердің тексеруі, диагнозы және науқаста байқалған белгілер туралы мәліметтер;
  • фото және бейнежазбалар;
  • өнімді сатып алғанын растайтын чек.

“Басқарма өтініш иесіне жетіспейтін құжаттарды жинап, өтінішті 2026 жылғы 13 қараша сағат 16:00-ге дейін қайта жолдау керектігі туралы хабарлама жіберген. Алайда белгіленген уақытқа дейін сұралған құжаттар ұсынылмаған. Сол себепті басқарма заң талаптарына сәйкес өтініш бойынша басталған әкімшілік рәсімді тоқтатқан. Яғни басқарма өтінішті қарау үшін қажетті құжаттарды сұратқанымен, олар уақытында тапсырылмағандықтан, тексеріс жүргізу мәселесі әрі қарай қаралмаған”, – деп қорытты ведомство. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Жамбыл облысында 14 жастағы Асылбек Рахманқұлов қатарластарымен болған жанжалдан кейін жансақтау бөл...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Жүргізуші куәлігін алу үшін теориялық емтиханды енді онлайн тапсыруға болады. Әзірге бұл қызмет пило...