Мейрамбек Бесбаев Нұр-Сұлтан әкімін неге мақтады?

ЖАҢАЛЫҚТАР
5859

Мейрамбек Бесбаев Нұр-Сұлтан қаласының жаңа әкімі Алтай Көлгіновтің мақтауын асырды. Отандық танымал әнші елорданың жаңа басшысына қатысты ой-пікірімен бөліскен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Шаһар басшысы жайлы Бесбаев өзінің Instagram парақшасында айтқан. Ол Көлгіновке арнайы жазба қалдырып, оған қатысты ойын ортаға салды. "Бас қаламыздың жаңа басшысы Алтай Көлгінов мырзамен. Кез-келген істі ұршықша иіріп, допша дөңгелетіп алып кететін нағыз азамат.

"Ұлтқа қызмет ету білімнен емес, мінезден", - дейді Әлихан Бөкейханов атамыз. Білімі де, мінезі де бар, ұлтқа жаны ашитын жігіттің нақ өзі. Жанұяңа ырыс-құт, заманымызға тыныштық тілеймін" , - деп жазды әнші.

author

Мейрамбек Беспаев

ӘНШІ

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...