Денесі бөлініп кеткен: Мотоциклмен аркаға соғылған 13 жастағы қыз көз жұмды

Фото: ЖИ

ЖАҢАЛЫҚТАР
120

Шығыс Қазақстан облысында спорттық мотокөлікті тізгіндеген Риддер қаласының 13 жастағы тұрғынының қаза болуына байланысты тергеу жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі агенттікке таратқан ақпаратқа сәйкес, алдын ала мәлімет бойынша, жасөспірімнің өліміне тұрғын үйдің маңында тартылған арқан себеп болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, жасөспірім тұрғын үй маңында жылқыны бағанаға байлап қойған арқанға соғылып, өлімге әкелген жарақат алған. Көлік құралын басқарған жасөспірім оқиға орнында көз жұмды. 15 жастағы жолаушы медициналық мекемеге жеткізілді, – деді полиция.

Кәмелетке толмаған адамның абайсызда қаза болуына байланысты Риддер қаласының полиция бөлімі қылмыстық іс қозғады.

Полиция қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатқанын хабарлады.

Оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Жануардың иесі анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Қылмыстық істің тергелу барысы Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті бастығының бақылауында, – делінген хабарламада.

Бейресми мәлімет бойынша, мотоцикл тізгіндеген қыздың басы жұлынып кеткен.

Полиция ауыл шаруашылығы жануарларының иелеріне мал жаюдың белгіленген ережелерін қатаң сақтау қажеттігін еске салды. Автомобиль жолдарының маңында мал жаюға және айдап өтуге тыйым салынады. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев көрнекті ақын, Қазақстанның халық жазушысы, қоғам қайраткері, х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыдағы тұрғын үй кешендерінің бірінде болған өрттен алты жасар қыздың қаза тапқаны белгілі болды...