Ақсудағы зауытта төтенше жағдай: үш адам термиялық күйік алды

Сурет ашық дереккөзден алынды

ЖАҢАЛЫҚТАР
588

Ақсудың ферроқорытпа зауытында үш бірдей жұмысшы термиялық күйік алды. Олардың бірі жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Кәсіпорынның мәліметінше, үш зауыт жұмысшысы 2 қыркүйекке қараған түні зардап шеккен.

"Ақсудың ферроқорытпа зауытында жұмыстарды орындау барысында үш қызметкер термиялық күйік алды. Зардап шеккендер Ақсу орталық ауруханасына жеткізілді. Олардың бірі жансақтау бөлімінде, екіншісі – стационарда ем қабылдап жатыр, үшіншісі амбулаторлық емдеуде," – делінген Ақсу ферроқорытпа зауытының корпоративтік коммуникациялар қызметі таратқан хабарламада.

Қызмет өкілдері компания зардап шеккендерге қажетті көмек көрсетіп жатқанын және оқиға туралы мемлекеттік органдарға дереу хабарланғанын атап өтті.

"Қазір тергеу жүргізіліп жатыр. Алдын ала деректер бойынша, 2 қыркүйекке қараған түні АФЗ-да шихта төгілуі орын алған, соның салдарынан жұмысшылар зардап шеккен. Алайда оқиғаның нақты себептері тек тергеу аяқталған соң белгілі болады," – деді Tengrinews.kz тілшісіне ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек мемлекеттік инспекциясы комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментінің басшысы Асқар Қапанов.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Сот бес жасар қызды зорлады деген айып тағылған БҚО тұрғынына қатысты үкім жарияланды, деп хабарлайд...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада көпқабатты үйдің қасбеті құлаған сәтте өзгелерге көмек көрсетуге ұмтылып жүріп ауыр жаралан...