“Күкірт төгілді”: Атырауда жүк вагоны аударылып кетті

Фото: freepik.com

ЖАҢАЛЫҚТАР
2275

Атырауда жүк вагоны аударылып, жерге күкірт төгілді, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Облыстық Экология департаментінің мәліметінше, оқиға кеше Мақат ауданында болған.

“ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-нің «ЖТ Атырау бөлімшесі» филиалының Мақат ауданында 4 вагоны жолдан шығып, оның екеуі аударылған. Соның салдарынан ішіндегі күкірт жерге шашылған. Қазіргі кезде жауапты мамандарға вагондарды көтеріп, қалпына келтіруге тапсырма берілген, себебі анықталуда”, - деп атап өтті ведомство.

Атырау облысы бойынша экология департаментінің мамандары оқиға орнын бақылауға алды. Қазіргі уақытта пойыздардың қозғалысы толығымен қалпына келтірілді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...