Дулат Бекбауов Таразда өзбек боксшысы техникалық нокаутпен жеңді

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
135

Таразда өткен кәсіби бокс кешінде қазақстандық Дулат Бекбауов пен өзбекстандық Абдурасул Исмоиловтан басым түсті, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Жартылай орта салмақта өткен кездесу он раундқа жоспарланғанымен, толық қашықтыққа созылған жоқ. Жекпе-жектің екінші жартысында Дулат Бекбауов басымдық танытып, қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді. Жетінші раундтан кейін Абдурасул Исмоилов жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты. Осылайша, жеңіс Бекбауовқа беріліп, ол WBC Greater Turan белбеуінің иегері атанды.

Бұл – Дулат Бекбауовтың кәсіпқой бокстағы үшінші жеңісі. Қазақстандық боксшы әзірге кәсіби рингте жеңіліп көрмеген. Ал Абдурасул Исмоилов мансабындағы төртінші жеңілісіне ұшырады.

Айта кетейік, 31 жастағы Дулат Бекбауов кәсіпқой мансабын 2025 жылы бастап, оған дейін өткізген екі жекпе-жегін де нокаутпен аяқтаған болатын. Әуесқой бокста ол 2023 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанса, 2022 жылғы Азия чемпионатында да күміс медаль жеңіп алған. Сонымен қатар, Қазақстан чемпионатында үш мәрте алтын медаль иеленген. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстандық файтер әрі актер Еркебұлан Тоқтар Армения астанасы Ереванда өткен Hype FC 28 турнирінде...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысы Жангелдин ауылында Қарабалиндер отбасының қазасына байланысты іс бойынша күдікті Сұлта...