Алимент төлеуден жалтарған ер адамның тығылған жері халықтың жағасын ұстатты

Фото: Podrobno.uz

ЖАҢАЛЫҚТАР
1958

Ташкентте алимент төлеуден жалтарған ер адам өз үйіндегі қуысқа жасырынған, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ Orda.kz сайтына сілтеме жасап.

Жергілікті басылымның мәліметінше, ер адам балаларына бір жылға жуық алимент төлмеген.

Сот шешіміне сәйкес, Ташкент тұрғыны табысының жартысын балаларына беріп отыруға міндеттелген.  Алайда ол 2024 жылдың сәуірінен бастап із-түзсіз жоғалған. Полиция ер адамға іздеу салды.

Нәтижесінде ер адам өз үйінен табылды. Ол екі қабырғаның арасындағы қуысқа тығылған.

Оған қатысты әкімшілік хаттама жазылды. Ол 15 тәулік қамауға алынды. Ер адамның туыстары қарызды түгел өтеп беретіндерін айтқан.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...