"Дұшпан екенсіңдер": Атырауда қайтыс болған ерлі-зайыптының ұлының соңғы хаты тарады

Фото: politico.kz коллажы

ЖАҢАЛЫҚТАР
625

Атырау облысындағы Жангелдин ауылында із-түзсіз жоғалған Наурыз Мұқанғалиев пен Мирамгүл әлі күнге дейін табылған жоқ. Олар марқұм ерлі-зайыпты Мақсот Қарабалин мен оның жұбайының балалары, деп хабарлайды MadeniPortal.kz Malim.kz-ке сілтеме жасап. 

Мәселенің мән-жайын анықтау үшін "Qazaq AIRAN" редакциясының тілшілері өңірге барып, марқұмдардың туыстарымен тілдескен. Мақсот Қарабалиннің туған қарындасы Әдемі Шылмағамбетованың айтуынша, 27 желтоқсан күні Наурыздың телефон нөмірінен туыстарына хат келген. Хатта ол жақындарының әрекетіне реніш білдірген.

Хабарламада:

"Арыз жазып, неге дүрліктіріп жатырсыздар? Өзімізде мәселе жетеді. Пайда тигізбесеңіздер де, зиян келтірмеңіздер. Босқа көмектесе алмай, мысқылдайсыздар. Ата-анама өзім жауап берем. Үйленіп алдым. Тыныш өмір сүргізбедіңіздер. Банктен бір іздейді, полиция бір іздейді. Дұшпан екенсіңдер", – деген мазмұндағы сөздер жазылған.

Марқұмның інісі Шалқар Мұқанғалиев те бұл жағдайға байланысты пікірін білдірді. Оның айтуынша, Наурыз ешқашан ата-анасына да, айналасына да зиян келтіретін адам болмаған.

"Наурызбен бала кезден бірге өстік. Ауылда сыйлы, мінезі жуас еді. Әке-шешесіне қол көтеретін адам емес. Ауылдастарынан сұрасаңыз да, ол туралы жаман сөз естімейсіз. Үйдің жалғыз баласы. Қарызға батып, біреудің ала жібін аттаған емес. Өз-өзімен жүрген, жүрегі таза жан болатын", – деді ол.

Қазіргі таңда Наурыз Мұқанғалиев пен Мирамгүлдің қайда екені белгісіз. Туыстары олардың аман-есен табылуына үміт артып отыр. Құзырлы органдар іздестіру жұмыстарын жалғастырып жатқанымен, әзірге ресми ақпарат жарияланған жоқ. 

PESTEL

Үндістанда 12 жастағы оқушы қыз сабаққа кешіккені үшін мұғалімнің тапсырмасымен 100 рет отырып-тұрға...

PESTEL

Жизақта 18 жастағы қыз танысын жезөкшелікпен айналысу мақсатында Таиландқа жіберуді ұйымдастырмақ бо...