Алматыдағы "Қайрат" – "Реал Мадрид" ойыны бюджетке қанша қаражат түсіреді?

Фото: ҚФФ

ЖАҢАЛЫҚТАР
1390

Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Туризм және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Нұртас Кәріпбаев Алматыда өтетін "Қайрат" – "Реал Мадрид" ойыны туралы сауалдарға жауап берді, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Нұртас Кәріпбаев қазірдің өзінде тарихи матч саналып отырған Алматыдағы "Қайрат" – "Реал Мадрид" матчы арқылы бюджетке қанша қаражат түсетінін айтты.

"Соңғы ақпарат бойынша, "Қайрат" – "Реал" матчының билеттері түгел сатылып кеткен. Туристерді қабылдауға барлық жағдай жасалған. 4 мыңнан астам турист келеді деп күтілуде, бұл 2-3 млрд теңге (болжам бойынша – ред. ескертпесі) кіріс", - деді Нұртас Кәріпбаев.

Еске сала кетейік, қазақстандық және испандық клубтар Чемпиондар лигасының екінші турында кездеседі. Матч Алматыдағы Орталық стадионда 30 қыркүйекте өтеді. Ойын жергілікті уақыт бойынша 21:45-те басталады.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облыстық балалар ауруханасына 16 жастағы Жаркен Айжан жоспарлы ота жасату үшін өз аяғымен бар...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Түркияда Хатидже Ялманның қаза болардан шамамен екі сағат бұрын дүкенде жүрген сәті түсірілген бейне...