Дженнифер Лопес әлеуметтік желіде қазақ тілінде ән жариялады

ашық дереккөзден алынған

ЖАҢАЛЫҚТАР
1715

Америкалық поп-жұлдыз, Instagram-да 248 миллион жазылушысы бар әнші Дженнифер Лопес сторисінде қазақ тіліндегі әннің үзіндісін жариялады, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ.

Сториске қазақстандық әнші Мөлдір Байбуринова орындаған Ain’t Your Mama хитінің кавері түскен.

Қазақстандық әнші танымал композицияның қазақша нұсқасын жазып, әлеуметтік желіде жариялаған. Бейнежазба тез арада тыңдармандар арасында тарап, Дженнифер Лопестің де назарын аударған. Осыдан кейін әннің үзіндісі жұлдыздың сторисінде пайда болды.

"Мен Джей Лоның сторисінде тұрмын. Сіздерге рахмет!" — деп қуанышымен бөлісті Мөлдір.

Жарияланым астында тыңдармандар жүздеген пікір қалдырды. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Wildberries логистикалық орталықтарына жасалған шабуылдар салдарынан 100-ден астам қазақстандық кәсі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте Нұрай Серікбайдың қазасына байланысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Сот...