Таразда 16 жастағы қыз өгей әкесінен бала босанды

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
2278

Таразда 16 жастағы оқушы қыз дүниеге сәби әкелді. Босанған қыз түскен облыстық перинаталдық орталықтың қызметкерлері оқиға туралы полицияға мәлімдеген. Бұл туралы madeniportal.kz хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Құқық қорғау органдары тергеуді бастап, негізгі күдік қыздың өгей әкесіне түскен. Ер адам өзінің қатысын жоққа шығарды. Бірақ әртүрлі зертханаларда жүргізілген екі тәуелсіз ДНҚ сараптамасы оның баланың әкесі екенін растады.

"Полиция қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде қылмыстық әрекетті жасады деген күдікпен қыздың 54 жастағы өгей әкесі анықталып, ұсталды. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 120-бабының 3-1-бөлігі "Кәмелетке толмаған баланы зорлау" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Бірқатар қажетті сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. Тергеу сотының санкциясымен күдікті қамауға алынды", – делінген Жамбыл облысының полиция департаментінің хабарламасында. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...