Қазақстан Президенінің «Алтын сапа» сыйлығы байқауы және «Қазақстанның үздік...
Экс-депутат Бақытжан Базарбек адам қағып кетті деп айыпталды – БАҚ
Фото: gov.kz
18
Апат Жамбыл облысы Луговое ауылының маңында болған, деп хабарлайды MadeniPortal.kz Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
Бақытжан Базарбекке дейін де осы жол учаскесінде жол апаты болып, мал қағылған. Апат салдарынан малдың өлексесі жолда қалған. Бір ер адам оны алып тастау үшін жолға шыққан кезде Бақытжан Базарбек жүргізіп келе жатқан Toyota көлігімен оны қағып кеткен.
Зардап шегуші ауруханаға жеткізілді, қазір ол жансақтау бөлімінде жатыр.
Базарбек медициналық тексеруден өтті. Оның ағзасынан алкоголь табылмады.