Бүгін мемлекет және қоғам қайраткері Нұртас Дәндібайұлы Оңдасыновтың туғанына 120 жыл, деп хабарлайд...
Танымал ауыр атлет алғаш рет киноға түсті
Сурет ашық дереккөзден алынды
Әлем чемпионатының жүлдегері Алмас Өтешов "Байгайстан" фильмінде дебют жасап, бала күнгі арманына бір қадам жақындады, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ.
Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының мүшесі, тәжірибелі зілтемірші Алмас Өтешов алғаш рет киноға түсті. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында мәлімдеді. "Байгайстан" атты отандық фильмге түскенін айтқан спортшы:
"Киноға түсу бала арманым еді. Сол арманым орындалып жатыр", – деп жазды. Желі қолданушылары Алмастың жаңа бастамасына қолдау білдіріп, оның актерлік қабілетіне сенім артты. Көпшілік оны болашақта үлкен рөлдерден көргісі келетінін жарыса жазды.
Айта кетейік, Алмас Өтешов бұған дейін ішімдіктен қалай бас тартқанын ашық айтып, бұл шешімнің өмірін түбегейлі өзгерткенін атап өткен болатын. Қазір ол Қызылордадағы Олимпиадалық резерв даярлау орталығы директорының орынбасары қызметін атқарады.