Дархан Қыдырәлі. Мемлекет басшысының Әділетті Қазақстанды құру бастамасының басты идеясы – Equality, яғни теңдік

Жаңалықтар
874

Қарағанды қаласында Мүгедектігі бар адамдардың халықаралық күніне орай жиын өтті. 



Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі:

«Атаулы күннің мақсаты – инклюзивті қоғамды дамыту, мүмкіндігі шектеулі жандарды қоғамға тең құқылы азамат ретінде араластыру. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың инклюзивті, ашық бәсекелестік орныққан және бәріне тең мүмкіндік берілетін Әділетті Қазақстанды құру бастамасының басты идеясы – Equality, яғни теңдік деп ойлаймын» – деді . 



Д.Қыдырәлінің сөзінше, бұл тұрғыда мүгедектігі бар адамдарды қолдауда жан-жақты жұмыстар жүргізілуде. Мәселен, биыл Президент "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңға қол қойды. 

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі инклюзия бойынша бірқатар нақты жұмыстар атқарып жатыр. Мәселен министрлік жанынан Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссия құрылған. Ол ақпаратқа қол жеткізуде қоғам мүддесін ескеру үшін жұмыс істейді. «Ашық үкімет» порталдарында нашар көретіндерге арналған бөліктің дыбыстық варианты іске қосылды. «Мүгедектігі бар адамдарды қолдауға бағытталған 3 республикалық гранттық жоба жүзеге асып жатса,     жыл сайын халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау саласында үкіметтік емес ұйымдар сыйлықақы иегері атанады. Биыл осы саладағы 12 ұйым сыйлықақыға ие болды. Бұл – ең көп марапатталған сала», – деді министр. 

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...