Экс-депутаттың қатысуымен болған жол апатынан зардап шеккен адамның жағдайы өте ауыр

Фото: dalanews

ЖАҢАЛЫҚТАР
532

Бұған дейін экс-депутаттың қатысуымен жол апаты болғаны хабарланған хабарланған еді. Дәрігерлер Жамбыл облысындағы сол  жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккен ер адамның жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Жамбыл облысы Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жол апатынан зардап шеккен 1989 жылғы ер адам 15 тамызда сағат 20:21-де ауруханаға жатқызылды. Қазіргі уақытта ол анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде жатыр.

Науқастың жағдайы өте ауыр деп бағаланып отыр. Оған бассүйек-миының ауыр жарақаты және мидың соғылуы, қабырғаларының екі жақты көптеген сынығы, екіжақты гемопневмоторакс, оң жақ жіліншік сүйектерінің ашық сынығы және II–III дәрежелі травматикалық шок диагнозы қойылды.

"Жағдайы өте ауыр, бұл политравмамен және ауыр травматикалық шокпен байланысты", - деп хабарлады өңірлік денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

15 тамызда науқасты облыстық мамандар - нейрохирург, реаниматолог және торакальды хирург тексерді. Олар одан әрі емдеу бойынша ұсыныстарын берді.

"Емдеу шаралары жалғасып жатыр", - деді дәрігерлер.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматылық дәрігерлер салмағы 679 грамм болып дүниеге келген шақалақты аман алып қалды, деп хабарлайд...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Үндістанда 22 жастағы ер адам жүкті көңілдесін өлтіріп, оның денесін бөлшектеп, кейбір бөліктерін по...