Алматыда бір топ қыз қатарласын аяусыз соққыға жығып, видеосын желіге жүктеген

Фото: видеодан скриншот

ЖАҢАЛЫҚТАР
281

Алматыда бір топ жасөспірім қыздың қатарласын аяусыз соққыға жыққан видеосы әлеуметтік желіде тарады. Оқиғадан кейін полиция қылмыстық іс қозғап, жанжалға қатысқан барлық күдіктінің жеке басын анықтады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Алматыда бірнеше жасөспірім қыздың қатарласын аяусыз ұрып-соққан видеосы әлеуметтік желіде кеңінен тарады. Оқиға Наурызбай ауданында болғаны хабарланып отыр.

Кадрларда бірнеше қыздың жәбірленушіні шашынан сүйреп, жерге құлатып, аяусыз соққыға жыққаны көрінеді. Ал болған оқиғаны олардың бірі ұялы телефонға түсіріп тұрған. Әлеуметтік желідегі мәліметке сәйкес, қатысушылардың жасы шамамен 15-18 аралығында.

Желі қолданушыларының ашуын туғызған тағы бір жайт – видеоны жанжалға қатысушылардың бірі TikTok желісіне музыкамен бірге жариялағаны. Кейінірек жазба өшірілгенімен, видео әлеуметтік желілерде тарап үлгерген.

Оқиғаға байланысты Алматы қалалық полиция департаменті пікір білдірді. Ведомствоның мәліметінше, аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған.

"Қазір Наурызбай аудандық полиция басқармасы оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты әрі объективті анықтауға бағытталған тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Жанжалға қатысқан барлық тұлғалардың жеке басы анықталды. Тергеу барысы Алматы қалалық полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында", – деп хабарлады полиция.

Оқиға әлеуметтік желі қолданушылары арасында үлкен резонанс тудырды. Көпшілік кінәлілерді заң аясында жауапқа тартуды талап етті. Тергеу нәтижесі бойынша күдіктілердің әрекетіне құқықтық баға берілетін болады.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ресми мәлімдемеге сенсек, операцияның негізгі мақсаты — Ормуз бұғазы арқылы өтетін коммерциялы...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Бассейнге демалуға барған ер адам жансақтау бөлімінен бір-ақ шықты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz....