«Көз жасымды тоқтата алмадым»: Әсел Асқар ұлынан алған ерекше сыйлығы туралы айтты

Фото: әлеуметтік желіден

ЖАҢАЛЫҚТАР
150

Қазақстанда 1 наурыз – Алғыс айту күні атап өтіледі. Мереке қарсаңында кейбір мектептерде оқушыларға ата-анасына арнап хат жазу тапсырылған. Сол хаттардың бірі актриса Асель Асқарды ерекше толқытты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz Sn.kz ақпарат порталына сілтеп.

Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында сол күндері сырқаттанып, көңіл күйі болмай жатқанын айтты. Осы сәтте мектеп кураторы оған ұлы Арыстанның жазған хатын жолдаған.

«Жатып қалдым, ауырып тұрмын, көңілсіз едім. Куратор хабарласып, Алғыс айту күніне орай балалар ата-анасына хат жазғанын айтты. Арыстанның хатын оқыдым да, өзімді ұстай алмадым. Көз жасым тоқтамады. Сөздері сондай жылы, сондай шынайы. Өмірде көп нәрседе жолым болмаған шығар, бірақ дәл осы баламен жолым болды», – деп жазды актриса.

Асель Асқар ұлының жазған хатын да оқып берді. Онда былай делінген:

«Анашым, мен сізге мен үшін жасап жүрген барлық дүниеңіз үшін алғыс айтқым келеді. Кейде оны көрсете бермеймін, бірақ қамқорлығыңызды, қолдауыңызды, сабырыңызды қатты бағалаймын. Сезімімді айту маған оңай емес, бірақ сіз – мен үшін ең жақын адамсыз. Сізді мақтан тұтатын, үмітіңізді ақтайтын адам болуға тырысамын. Отбасымызда әрдайым түсіністік пен жылулық болса екен деймін».

Актриса бұл сөздер жүрегіне қатты тигенін айтып, бірден ұлына қоңырау шалған.

«Сен – менің ең жақсы нұсқамсың. Тіпті менен де жақсысың. Балалар ата-анасынан да мықты болуы керек. Кейде сен бұл өмір үшін тым жақсы адамсың ба деп ойлаймын», – деді ол ұлына.

Желіге жарияланған бейнежазба бір сағаттың ішінде 20 мыңға жуық лайк жинап, 1,5 мыңнан астам пікір қалдырылды. Көпшілік Асель Асқарды қолдап, баласының тәрбиесіне тәнті болған.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Бетперде киіп, қайырымдылық жасап жүрген жігіт мұқтаж отбасыларға қуаныш сыйлады, деп хабарлайды Mad...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда электронды темекілерге тыйым салынғанына қарамастан, вейптердің заңсыз саудасын ұйымдастырғ...