Елімізде кедейлік деңгейі өсті: 1 млн адамның табысы күнкөріс минимумына жетпейді

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
44

2026 жылдың бірінші тоқсанында Қазақстанда табысы нақты күнкөріс минимумынан төмен халықтың саны 1 миллион адамға жетті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Бұл елдегі жалпы халық санының 4,9 пайызын құрайды.

Ұлттық статистика бюросының мәліметтеріне сәйкес, бір жыл ішінде елдегі кедейлер саны 10 пайызға артқан, ал олардың жалпы халық ішіндегі үлесі 4,5 пайыздан 4,9 пайызға дейін өсті. Қазіргі таңда Қазақстанда нақты күнкөріс минимумының көлемі 64,2 мың теңге болып бекітілген. Бұл ретте кедейлік шегінен төмен өмір сүретін азаматтардың 77,5 пайызы бес және одан да көп адамнан тұратын көпбалалы немесе үлкен отбасыларда тұратыны анықталды.

Өңірлер бойынша кедейлік деңгейі ең жоғары аймақ болып Түркістан облысы тіркелді, мұнда көрсеткіш 8,5 пайызды құраған. Келесі орындарда Абай облысы (7,6%) және бір жыл ішінде көрсеткіші 1,9 пайыздық тармаққа өскен Маңғыстау облысы (7,2%) тұр. Ал ең төменгі кедейлік деңгейі Астана қаласында (2,7%), Қарағанды облысында (2,8%) және Атырау облысында (3,5%) байқалған.

Сонымен қатар елімізде 25,4 мың адамның айлық табысы тіпті ең төменгі азық-түлік қоржынының құнын (35,3 мың теңге) да жаппайтыны белгілі болды. Аналитикалық деректерге сүйенсек, мұндай тым төмен табысы бар азаматтардың саны бір жыл ішінде 1,5 есе артып отыр.

Шоу-бизнес

Әлеуметтік желіде Жұлдыз Әбдікәрімова мен Азамат Сатыбалдиннің видеосы тарады, деп хабарлады MadeniP...

АЙМАҚТАР

Қазгидромет синоптиктері 4-6 шілде аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады. Мамандардың мәлім...