Тарихта тұңғыш рет аңызға айналған Burning Man фестивалінде қазақтың 16 қанат киіз үйі тігілді. Blac...
«Су араластырады»: Қазақстанда жүргізушілер бензин сапасына шағымданды
ашық дереккөз
Қазақстандық жүргізушілер мен автосарапшылар жанармай сапасына қатысты мәселе әлі де шешілмегенін мәлімдеді. Кейбір жүргізушілер бензин құйғаннан кейін көліктерінде ақау пайда болғанын айтып отыр, деп хабарлады MadeniPortal.kz.
«Жетінші арна» мәліметінше, Алматы мен Астанадағы кейбір техникалық қызмет көрсету орталықтарына осындай шағыммен күніне ондаған көлік келеді. Жүргізушілер әсіресе АИ-95 және АИ-98 бензинін құйғаннан кейін қозғалтқыш пен форсункаларда ақау байқалғанын айтады.
Автосарапшы Алексей Алексеевтің сөзінше, кей жүргізушілер көлігін тазалау мен жөндеуге орта есеппен 200 мың теңге жұмсаса, шығын көлемі 600 мың теңгеге дейін жететін жағдайлар бар.
Қазір Сауда және интеграция министрлігі жанармай сапасын зауыттан бастап жанармай құю бекеттеріне дейінгі барлық тізбек бойынша тексеріп жатыр. Тексеру нәтижелері жақын арада жарияланбақ.
Заңгерлер сапасыз бензиннен көлігі зақымданған азаматтарға чекті сақтап, ақауды СТО-да тіркетуге және жанармай сынамасын зертханаға тапсыруға кеңес береді. Сараптама көліктің дәл сапасыз жанармай салдарынан істен шыққанын растаса, жүргізуші жөндеу шығынын сот арқылы өндіріп алуға құқылы.