«Рэкетир» фильмі арқылы көрерменге танылған актер Мұрат Бисембин инсульт алып, ауруханағ...
Құлсарыдағы балтамен шабуыл жасаған оқушының анасы өз шындығын айтты (ВИДЕО)
коллаж: MadeniPortal.kz
Атырау облысындағы Құлсары ауданындағы балта ұстап қатарластарын жарақаттады деп айыпталған баланың анасын шындығын жайып салды, деп хабарлады MadeniPortal.kz.
Айыпталып отырған оқушы анасының сөзінше мектеп оқушылары арасында буллинг болған.
"Екі жақты қарау керек. Себебі мына жерде буллинг болып тұр, шындығын айтсақ. Менің балама бұл балалар бір жылдан бері тиісіп жүрген екен. Ол балалар менің балама әжетхана жүр деген. Бала өзі жалғыз төрт балаға әлі келмейтінін біліп, сондай әрекетке барған. Халық "балта" деп шулап жатыр. Ешқандай ата-ана мектепке балтамен бар, тентек бол деп айтпайды. Менің жалғыз түйір балам. Құдайдан сұрап алғанмын. Ешқандай ата-ана баласын жамандыққа қимайды. Мені де дұрыс түсініңіздер", - деді Мәншүк Жиембетова.