Ең көбі 317 адам: Аптап ыстықтан адамдар қайтыс болып жатыр

Фото: ЖИ

ЖАҢАЛЫҚТАР
2075

Аптап ыстықтан Еуропада адамдар қайтыс болып жатыр, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Маусым айының соңынан шілденің басына дейін Еуропаның 12 қаласында болған аномальды ыстық салдарынан 2 300-ден астам адам көз жұмған. Бұл туралы Imperial College London мен Лондон тропикалық медицина және гигиена мектебі жүргізген зерттеуде айтылған. 

Ғалымдардың бағалауынша, бұл өлім-жітімнің шамамен 65%-ы климаттың өзгеруіне тікелей байланысты. Жер температурасының 1–4°C-қа жоғарылауы өлім көрсеткішіне әсер еткен. 

Қаза тапқандардың басым бөлігі – егде жастағы адамдар. Жалпы өлім-жітімнің 88%-ын 65 жастан асқандар құрайды. 

Ең көп өлім тіркелген қалалар:

Милан – 317 адам

Барселона – 286 адам

Париж – 235 адам 

Сондай-ақ Лондон, Мадрид, Афина, Рим және басқа да ірі қалаларда да жағдай ауыр болған. 

Мамандар климаттың жылынуы алдағы жылдары мұндай апаттардың жиілеуіне себеп болуы мүмкін екенін ескертіп отыр. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шу аудандық соты студенттің әкесіне қатысты оқу кезеңіне алимент өндіріп алу туралы талап қоюы бойын...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Таяу Шығыстағы тұрақсыз жағдайға байланысты FlyArystan Ақтау – Дубай – Ақтау бағыты бойы...